Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оян, қазақ» фильмінің авторлары – ерлі-зайыпты Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда шетелге неге көшіп кетті?

13:41, 24 қазан 2024 897

«Оян, қазақ» фильмінің авторлары – ерлі-зайыпты Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда Малайзия еліне қоныс аударды, деп жазады Alash.KZ. 
Бұл туралы фильм авторының бірі Айсәуле Әбілда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Малайзияға неге көшкеніміз туралы күніне бірнеше адамнан сұрақ келеді, соның бір жауабын беріп қояйын деп шештім. Әрине, біріншіден, біз жаңа жобамызға бар ынтамызды арнай алатындай ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КҮЙ іздеп келдік. Елде үйіміз бен офисымыздың арасы қатты алыс болмаса да, кәдімгідей уақытымызды алатын. Кептеліс, баратын басқа да шаралар, той, шақырыс бар, сонымен уақыттың қалай өткенін білмей қалып жүрдік. Ал, біздің жұмыс ондай еркелікті көтермейді, себебі ДЕДЛАЙН деген дәу бар, яғни серіктесіңмен келіскен уақытта шаруа біту керек, әйтпесе кез келген істі ғасырлап істей беруге болады. Шаруаның уақытылы бітіп, жұмыстың жақсы жүруіне ең жауапты тұлға - продюсер болғандықтан, мен бұл мәселені барынша қолайлы шешуге тырыстым. Әрине, көше қалсаң, ісің біте қояды деген сөз емес, бастысы ниет және тырысу, қалғанын нәтижеден күту, – деді ол.

 

Продюсердің айтуынша, балаларға ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп шығуға жайлы ортаның болуы осындай шешімге келуге итермелеген.

Екіншіден, елде біз онсыз да үй мен офис жалдап, балаларымызды ақылы мектепте оқытып жүрдік. Әрине, 100%, 70% грант алғанның өзінде тамағы мен тасымалдауын ғана төлеуге әр балаға кәдімгідей қаражат кететін, оған қоса жыл сайын қысқы дайындық бар, оның да өз шығыны жетерлік, соның бәрін есептей келе дәл сондай төлемге қай мемлекеттерде жақсырақ жағдайда жұмыс істеп, балаларымызға қосымша тіл үйрететіндей мүмкіндіктер бар деп зерттедік. Малайзияда орта білім жүйесінің жақсы дамығаны мен балаларға ағылшын, қытай тілдерін меңгеріп шығуға жайлы ортаның болуы да шешімімізге әсер етті, – деді Әбілда.

Сондай-ақ ол бұл елге уақытша көшкендерін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар