Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өкінбедік: Мақпал Жүнісова көп жылдар бойы жасырған сырын не үшін айтқанын мәлімдеді

16:09, 24 шілде 2024 2269

Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің асыранды бала екенін не үшін айтқанын баяндап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өз оқырмандарына ренішін білдірді.

"Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқты басқа адамдар айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс”, – деп жазды халық әртісі.

Мерейдің туған күніне әншінің не сыйлағанды белгілі болды.

“Қыздар демалып келсін деп шетелге жібердім. Мерей енді фотоларын желіге жүктеп жатыр. Туған күніне сыйлығым сол болды”, – деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар