Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орамал тақпаса, әрине зорлайды: Еркектің нәпсісін алға тартып, зорлықты құптайтын имамдарға кім шектеу қояды?

11:34, 28 мамыр 2024 972

Қоғам белсендісі, әйелдердің құқығын қорғап жүрген коуч Роза Әшірбаева бірқатар мемлекет зиялыларына маңызды сауал жолдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында, ол әйелдердің құқығын имамдардың өздері құртатынын жеткізген. Күнделікті жаңалықтарды ашып қарағанда жануарды да, адамды да зорлап жатқан ер адам екенін де тілге тиек етті. 

Қоғамда әйелді де, баланы да, қартты, жануарды да, өлікті де, тіпті еркекті де зорлайтын - еркек!

Зорлықшыға себеп керек емес, “таяқтың екі ұшы бар” “себеп бар”, “не в том месте, не в той одежде, не в то время» дейтіндердің ойы бойынша моргтағы өлі әйел қандай себеп туғызды екен деп сұрағым келеді.
Өліп қалғаны себеп па? Ұялсаңыздар етті…,-деді ол жазбасында. 

Роза Әшірбаева уағыз тыңдауға баратындардың барлығы ер адамдар екенін айтып, оларға дұрыс жөн сілтеудің орнына "зорлықты құптап" айтқан сөздеріне ашуланды. 

Мешіттерге барып, уағыз, дәріс тыңдайтындар бәрі - еркек, ал оларға ұстаздар Пайғамбарымыздың (с.а.с) Сирасын тәпсірлеп отырып: “орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды” - деп отырғаны қалай?

Мешіттер мен медреселер дәріс тыңдауға келіп отырған ер азаматтарға зорлықты, қатыгездікті, сөгуді, әйелдерді киіміне қарай дискриминация жасауды үйретіп отыратын мекеме ме?

Коуч мемлекетте алар орны бар бірқатар зиялы өкілдерге маңызды сауал жолдады.

Осы орайда мен ҚМДБ басшысы Бас муфтийі - Наурызбай Қажы Тағанұлына @muftiyatkz @nauryzbai.taganuly

ҚМБД Уағыз-насихат бөлімінің басшысы - Мансұров Батыржан Берденұлына

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі - Балаева Аида Ғалымқызына @madeniet__aqparat__ministrligi @aida_balayeva 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің басшысы - Нүкенов Ержан Болатқанұлына

Ішкі саясат бойынша стратегиялық ұсыныстарды қалыптастырушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі - Қарин Ерлан Танымбайұлына @erlankarin2019 қояр бір ғана сұрағым бар:

“Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек, - деген Мемлекет басшысының @tokayev_online талабына қарсы жұмыс істейтін имамдарға шара бар ма?,-деді ол. 

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де осы тақырыпқа қатысты әлеуметтік желіде өз пікірімен бөлісті. Күні кеше уағыз айтушы Жарқын Мырзатайдың "блогер қыздарға үйленбеңдер" деген видеосы қоғамның қызу талқысынат түскен еді. 

Айтбек Амангелді: " Қай уақыттан бері адамдардың сыртқы жүзіне қарап баға берілетін болған? Қашаннан бері ел алдында жүрген жандар құрметке лайық емес? Неге көп аудиториясы бар имамдар бір-біріңді қадірлеп, құрметтеңдер деген сөздің орнына адамдарды неге қарсы қояды?",- деді ол ашуланып.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар