Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркек - пенде, сұлу көрсе қарайды: Уағыз айтушы ер адамдарға блогер қызға үйленбеу керегін айтты

08:15, 28 мамыр 2024 974
Қоғамға белгілі уағыз айтушы Жарқын Мырзатай ер адамдарға блогер қыздарға үйленбеңдер деп айтты. Бұл туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Alash.kz.

Блогер әйелдер ешқашан "қатын" боп жарытпайды деген Жарқын Мырзатай блогер ханымдарға қатты ашулы.
 
«Жігіттерге айтып жатырмын. Блогер қыздарды мүлдем алмау керек. Өйткені 10 мың жазылушысы бар қыз саған қатын болып жарытпайды. Олар лүпіл үшін бәрін істейді. Бүкіл сұлулығын интернетке салып жүрген қыздар ертең сенің үйіңде қатын болып жарытпайды. Алмау керек оларды. Түріне қызығып аласың ба? Өмір бойы қызғанып өтесің оны. Ол сорлылар интернеттен видеоларын алып тастап та үлгермейді ғой. Тарап кеткен ғой. Хиджап киіп алған болса да. Сұлулығын көрсетіп неге шығады? Ақыл айтып жүргендер бар. Әйел адамның жеке өзінің каналы болса, тек әйелдермен дәріс өтсе басқа. Бүкіл Қазақстанға еркектер көретін жерге шығып, әйелдерге уағыз айтуға болмайды. Рұқсат жоқ. Сен оның уағызын тыңдап отырып «мынау сұлу әйел екен» деп отыра бересің. Өйткені еркек пенде ғой. Біреулер сен олай ойлама дейді, бірақ мен импотент емеспін. Сұлу қатын шықты ма, мен ойлай беремін», - дейді имам.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар