Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өрімдей қызды келін қып алған Абай Бегейдің құдағиы жылап тұрып өтініш жасады (ВИДЕО)

13:58, 20 тамыз 2024 869

16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан танымал әнші Абай Бегейдің қызы ел аузында әлі талқыланып жатыр. Жас келіннің су жаңа енесі халыққа үндеу жасап, дауды тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Біздің келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандыққа түсті. 1 қыркүйектен бастап, оқуына балам екеуі кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық “Сымбатты әлі жас, келін болуға дайын емес” деп жатыр. Мен өзім бәрін басынан бастап үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін. Алматыға өзім де еріп барамын. Сіздер ол үшін қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес”, – деп жазды өнер иесінің құдағиы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар