Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орынборда 10 мың үй су астында қалды

15:18, 08 сәуір 2024 466

Орынбор олысындағы Жайық (Урал) өзеніндегі су деңгейі 864 см-ге жетті, қауіпті белгіге 66 см ғана қалды. Облыста федералдық сипаттағы төтенше жағдай енгізілді.

Кейінгі деректер бойынша, 10 168 тұрғынүй су астында қалды, деп хабарлады Риа Новости басылымы.

47 көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Десе де федералдық тас жолдарда қозғалыс шектелген жоқ. Су астында қалған Орск қаласының билігі төрт адам қаза тапқанын хабарлады: екі адамның жүрегі тоқтап қалған, біреуі табиғи жолмен өлсе, тағы бірі суицид жасаған. 

Орск ауруханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету тоқтатылды. 8 сәуірден бастап барлық мектеп қашықтан оқытуға көшті. 

Орск мұнай өңдеу зауыты “экологиялық қауіптен қорғану және қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында” жұмысын тоқтатты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар