Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас прокуратура: Прокурорлар су тасқынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады

20:03, 06 сәуір 2024 390
Қазақстан Бас прокуратурасы су тасқынына қатысты мәлімдеме жасап,бюджет қаражатының мақсатты жұмсалып-жұмсалмауы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың орындалып-орындалмағанына қатысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті негізде төтенше жағдай режимі жарияланды. 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.  Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды.

Прокуратура органдары нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін анықтайды.  Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалып-жұмсалмауы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың орындалып-орындалмағаны зерттеліп жатыр,- делінген мәлімдемеде. 
Бас прокуратура зерттеу қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетінін айтты. 
Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады.  Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді... Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті. ҚР Бас прокуратурасы
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар