Түркияның Ұлттық білім министрлігі тарих бағдарламасына өзгеріс енгізбек. Жаңа тәсіл бойынша, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгертіледі, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұл туралы Түркияның TRT телерадио компаниясы хабарлады.
«Түркістан сөзі «түркілердің отаны» дегенді білдіреді. Тарихтың ерте кезеңдерінен бері қолданылып келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей басып кіргеннен кейін Түркістанның орнына «Орталық Азия» деген тұжырымдама енгізіліп, таратылды», – дейді түрік профессоры.
Түркияның білім министрлігінің шешіміне қатысты доцент Рамин Садык та пікір білдірді.
«Ұлттық білім министрлігінің оқулықтарға енгізуі – өте дұрыс шешім. Түркия да, Түркістан да түркілер көп тұратын аймақ дегенді білдіреді», – деді Садык.
Оның айтуынша, қазір түркі әлемі үшін ортақ тарих, география, әдебиет, карта және әліпби жасау бойынша батыл қадамдар жасалып жатыр, деп жазады Atameken Business
“Бұл өзгеріс Түркия үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі, сондай-ақ, түркі мемлекеттері үшін де маңызды бастама, құнды үлес болады”, - деді.