Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Осы жолы жер мөңкіді». Этнограф жер сілкінісі жерден емес, аспаннан келетінін айтты

14:22, 06 наурыз 2024 374

Белгілі этнограф Болат Бопайұлы Ashyq Podcast-та қазақ халқы ертеде жер сілкінісін қалай болжағанын әңгімелеп берді, - деп хабарлайды alash.kz.

Этнографтың сөзінше, қазақ халқының сұңғылалығы сол – кез келген апатты алдын ала болжай алған.

«1910 жылы желтоқсанның 22-сі екен, жер сілкінісі болды ғой. Содан 110 жыл салып келіп, 22-сі күні сілкінді. Қазақ астроном халық қой. Кең жазира сахараларда көшіп қонып жүрді. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, аңшылық, құсшылығының - бәрі табиғатпен тығыз қатысты болды. Соның ішінде шөппен, жұлдыздармен, аң-құстармен, жыбырлаған жәндіктермен, қонатын қонысымен, аққан сумен, асқар таумен, жайылыммен тұтас қатысты болғаннан кейін қазақтың ішінде өте білімдар адамдар болды. Аппаратпен тексеріп көрмесе де, аспанға қарап, жұлдыздардың орны ауысуын білді. Табиғатта болатын апаттарды жақсы білді. Қарлы борандардың, қызыл топан сулардың, зілзала жер сілкіністерінің, құйын апаттарының (бәрін білді - еск.). Өйткені апаттарда қолындағы малы жұтап қалса, басындағы баспанасы қирап қалса, жан бағу қиын болады ғой. Алдын-ала сақсыну үшін жаңағы нәрселерді жақсы білді», - деді жазушы.

Болат Бопайұлы жұлдыздардың реті, айналып отыруы жерге өз әсерін тигізетінін де айтты.

«Жұлдыздардың ішінде 60 жылда айналып тұрып, жер шарына салмағын салып кететін жұлдыздар бар. Ертегілерде, аңыздарда айтылады, ғылым да дәлелдейді. 100 жылда бір келіп, кетіп қалатындары болады. Қазақтар «ергежейлі жұлдыздар» дейді. Ергежейлі деген кіші жұлдыздар ғой, соның өзі жер шарынан бәленбай есе үлкен. Одан кейін орта жұлдыздар, алып жұлдыздар, ғайып жұлдыздар...

Жұлдыздар айналып тұрған жұлдыз (ішіндегі бір жұлдыз -еск.) шертіп қалады, сол кезде аспаннан жерге тартылыс күші түседі, өзгеріс болады екен. Үлкен тартылыс күші болады да, сол жерде жер сілкініп кетеді дейді. Жапонияның да, Еуропаның да дамыған ғаламтор ғасырында бүгінге дейін таппай отырған нәрсесі сол - жұлдыздардың келе жатқан кездегі уақыты, 100 жыл деген сияқты.

Соған байланысты жұлдыздың орнын табу керек. Соны зерттеу керек. Жер астындағы нәрселерге салмақ салады ғой. «Зілзала аспаннан келеді, жұлдыздан келеді, Алладан келеді, адамнан емес, оны Алла біледі» деген сөздер қазақта содан қалған», - деді ол.

Этнографтың сөзінше, бұл жолғы жер сілкінісін жер мөңкіді деп айтуға болады. «Сақ болсаң сақтаймын» дейді. 100 жыл толғаннан кейін бұл нәрсенің ертелі-кеш қайталануы. ...Осы жолғы біздікінде мөңку болды. Оны «жер мөңкіді» дейді. Мөңкігені өте қауіпті. Шайқалған ештеңе етпейді. Судың толқыны сияқты (мөңкігені - еск.). Ол өте қиын болады. Сақ болу керек. Сақ болу үшін баяғы заманда қоңырау іліп қойған. Сыңғырлайды ғой. Әркімге жан өзіне керек. (Бұрын қазақтар - еск.) Үкімет айтпады демей, сақ болды. Сақ болған жақсы деп ойлаймын», - дейді Болат Бопайұлы.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар