Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді

18:06, 02 сәуір 2024 460

Өскемен қаласында алып қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ана мен бала орталығында кіндігі кесілген шақалақтың салмағы – 6 келі 180 грамм, бойы 57 – см. Қыз баланы анасы табиғи жолмен босанған.

«Осымен төртінші баласын дүниеге алып келген әйел 33 жаста. Мұндай жағдай облыс қана емес, республика көлемінде сирек кездеседі. Шақалақтың да, анасының да жағдайы жақсы», – дейді босандыру бөлімінің меңгерушісі Жадыра Дюсупова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар