Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Отбасымызға өшпенділік". Бишімбаевтың анасы адвокат Джохар Өтебековтің үстінен шағым түсірді

09:07, 05 сәуір 2024 2075

Адвокат Джохар Өтебеков Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова өзінің үстінен Қазақстанның адвокаттар алқасына шағым түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды alash.kz сайты.

«Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Ол адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаныма шағымданған. Ал шын мәнінде оларды бүкіл ел сынап жатыр! Олар жақсылық пен зұлымдықтан асып түседі, заң мен моральдан алшақ. Бірақ Бишімбаевтар менен ғана кінә тауыпты. Бишімбаевтың анасы менің әлеуметтік желідегі жазбаларыма пікір жазушыларды бақыламайтынымды айтқан. Содан кейін Бишімбаевтар менің үстімнен жазған негізгі шағымға көшейін: «Мен судьяның әрекетін сынаған екенмін»! Міне, бұл - тұздығы! Бишімбаевтар судья Құлбаеваны неге сонша қорғап отыр? Олар оған неге сонша жабысып алған?», - деп жазады Джохар Өтебеков.

Адвокат сот отырысында қорғаушының қаза тапқан Салтанаттың жәбірленуші ағасына қандай сұрақтар қойғанын еске алады:

  1. Сіз қарындасыңыздың миында тесік бар екенін көрдіңіз бе және оның көзі ағып кеткен бе?
  2. Ер адамдармен қарым-қатынаста Салтанат басым болды ма?
  3. Сіз неге Салтанаттың басынан теуіп, жұдырықпен ұрмадыңвз?

Бишімбаевтың анасының жазуынша, Өтебеков жариялаған жазбаларында айыпталушының отбасын, адвокаттарын сынға алған.

«Бұл адвокаттың жарияланымдары біздің адвокаттарымызға, отбасымызға өшпенділік, қарғыс және қорлау тудырады. Жазбаның авторы бізді қорлайтын пікірлерді бақыламайды. Сондай-ақ ол судьяның әрекетін сынға алып, оны менің баламның қорғаушыларына қарсы бағыттауға тырысты, соттан жанама түрде айыптауды талап етті. (...) Осы адвокатқа тәртіптік шара қолдануды сұраймын», — деді Альмира Нұрлыбекова.

Айта кетейік, Бишімбаевтың соты ашық түрде өтіп жатыр. Сот процесін көптеген адамдар көріп отыр. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде азаппен қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасын қолдауға арналған акциялар мен флешмобтар өткізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар