Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзара орынталасу, бақталасу". Нұрлан имам ел сынына ұшыраған Елдос Сметовтың отбасы жайлы пікір білдірді

12:04, 07 қыркүйек 2024 2472

Танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы  «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына қонақ болып, Елдос Сметовтың отбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ең бірінші әркімнің де орны болады. Ананың да, әкенің де, жардың да. Үш алпауыт дүние баланы үш жаққа тартса, біз қазір Елдос Сметовты көрген болар ма едік... Енді қараңыз, спортқа баласын берген кез келген ата-анаға ризалық айтқым келеді.... Дәл сол Елдос Сметовтың сынбаған жері жоқ. Ал енді соған демеу беріп, құласа, тіреу болып, жәрдем берген ана құрметке лайық шығар. Сондықтан, қазіргі елдің айтып жүрген уәжіне қатысты сөзім бар. Әр үйдің қалыптасқан өз қағидасы бар. Кейбір жерде ана, кейбір жерде әке жүреді. Көп жағдайға осыған қатысты орынталасу, бақталасу болады. Ананың орнына әйелі, әйелдің орнына анасы өткісі келеді. Мен де сөзімді осыдан бастадым. Әрқайсының өз орны бар. Сол орнын шатастырмаса, бақытты өмір болып, кеме ары қарай жылжи береді, - деді имам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар