Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Періште көңіл иесі". Кентаулық оқушы смартфон алуға жинаған бар ақшасын Құлсарыға жолдаған

10:11, 01 мамыр 2024 633
Кентаулық оқушы, "аузын ашса жүрегі көрінетін" көркем бүлдіршін Гауhар Шәймерден "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонына қатысты. Эфир барысында өзінің халқына деген тұнық сезім, ыстық ықыласын жеткізіп, кісілік келбеттің кішілікпен де ажарлана түсетінін көпшілікке паш етті. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы жазды. 
 
Гаухар смартфон алу үшін ақша жинай бастаған, бірақ еліміздегі су тасқынынан кейін оның жоспары аяқ асты мүлдем басқа бағытқа өзгерген. Оқушы қыз бар жиғанынын Құлсарыда зардап шеккендерге көмек ретінде берген.
"Құлсарыны көріп, қатты уайымдадым. Сосын анама "Құлсарыға берейінші" деп бұйымтай айттым, нәтижесінде анам "Жарайды" деп келісімін белді. Біз ақпшамызды апарып бердік", - деді ол.

Бір ерекшелігі, Гауhар Шәймерден смартфонсыз да қалмады. Ол  "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонының эфирінде өзі армандаған телефона қол жеткізіп, сыйға алды.

"Арманыма жеткеніме қуанып тұрмын. Мен мұндай тосынсый болады деп ойламадым. Алғысымыз шексіз", - деді көңілі көркем оқушы.
Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстандағы су тасқыны басталғалы еліміздің болашағы саналатын бүлдіршіндер игі істерге араласып, көпшіліктің ет-жүрегін елжіретті. Біз бұдан бұрын да "Халқының келешек арқасүйері" жайында жазғанбыз. Күні кеше маңғыстаулық бастауыш сынып оқушысы жинаған ақшасын Құлсарыға жолдаған еді. 

Ақшұқыр ауылытының кішкентай тұрғыны өз қаражатын Жылыой ауданындағы су тасқынын зардап шеккен отандастарына жөнелтті. Төртінші сыныпта оқитын Нұрасыл Игілікұлы еріктілердің Құлсары жалқына жылу жинайтынын естіген бойда қобдишаға жинап жүрген бар ақшасын апарып берген. 

Анам берген ақшамды қобдишаға жинай бердім. Атыраудағы қиын жағдайды естідім де, ақша жинап жүрген қобдишамды қолыма алып, еріктілерге апарып бердім, - деді Нұрасыл. 

Халқына деген көңілі таза, ниеті ақ батыр ел алғысына бөленіп, үлкендердің ақ батасын алды. Желі қолданушылары "қолындағы барын бөлісіп беруге даяр" батырға: "Осындай бала тәрбиелеп отырған ата_анасы, ұстаздарына алғыс!", "Жарайсың Азамат! Тілегің қабыл болсын, Еліміз жеті жұттан аман қалсын!" деп жазды.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан соңғы деректер бойынша 39932 адам өз үйлеріне оралған. 6546 адам эвакуациялау пункттерінде жатыр.

Республика бойынша 7089 жеке тұрғын үй мен 2834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 13,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Дастан Қастай

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар