Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейлік блогер Бишімбаеқа "жабылған" қазақстандықтардың өзін кінәләп, ата-анасын "сирек кездесетін" адамдарға балады

13:11, 27 сәуір 2024 948

Астанада Салтанат Нүкенованының ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Өлімге кінәлі ретінде ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев айыпталады. Сот отырысына ресейліктердің де ықыласы ауғанын айта кету қажет. Ксения Собчактан кейін ресейлік бизнес-жаттықтырушы Наталья Грейстің Қазақстанға келгені белгілі болды. Судьядан ескерту алғаннан кейін, Грейс мәжіліс залынан шығып, баспасөз орталығына көтерілді, онда ол өзінің "азаматтық ұстанымын" айтып, "концерт қойды" деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Кейіннен ресейлік блогер, психолог, коуч-тренер Наталья Грэйс Бішімбаевтарға тән "отбасы құндылықтарын" әспеттеп, олар жайлы жақсы пікір білдірді.

Бишімбаевтардың отбасысы жақсы, берік қарым-қатынас, үйде сыйластық пен түсіністікке құрылған атмосферасы бар. Мен асыра сілтемеймін.Табалдырықтан аттағанымда бойымды сенімсіздік биледі, бірақ кейіннен жылулыққа айналды. Мен әр адамға ұлын немесе қызын сабырлы қалпымен және абыроймен, сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен қолдайтын, оларды өздерімен қорғайтын осындай ата-ана тілер едім.

Ресейлік блогер Бишімбаевтың ата-анасын "жер-көкке сыйғызбай" мақтап, мұндай жандардың сирек кездесетінін қадап айтты: 

Өмірде көп нәрсені көрдім. Адамдарды қаралағанда олар ашуланшақ болып кетуі мүмкін. Бірақ қарт Бишімбаевтар журналистердің сұрақтарына байсалды жауап береді, блогерлер мен тролльдердің шабуылына төтеп береді, олардың деңгейіне түспейді. Олар ұлын сүйіспеншілік пен құрметке бай қылып тәрбиелеген. Әкесі-университет оқытушысы, ғылыми қызметкер, ғалым, кейіннен ректор. Анасы-қарапайым үй шаруасындағы әйел. Үйде барлық туыстар бір-бірін қолдайды, - деді ол. 

Блогер әлқиссасында Бишімбаевтың бір өзіне кінә артып жатқан қазақстандықтарға жауықты: 

Менің көзқарасыма келсек, қоғам үшін барлық қылмыстарды бір адамға артып,  соттаған өте ыңғайлы. Ал мен 10-нан астам адамды санадым. Оның ішінде: Көріпкел, дәрігерлер, даяшылар, мейрамхана қызметкерлері бар. Олардың кез келгенінің жедел жәрдем шақыруға мүмкіндігі болды. Осы қазақстандықтардың ешқайсысы Салтанатқа көмек көрсету үшін саусағын да қимылдатқан жоқ... Бір Қуандық кінәлі ме? - деді ойын ширата. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар