Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Президент емессіз". Төлегенова Назарбаевтың қабылдауында не туралы сөйлесті, қандай сыйлық алды?

10:27, 09 ақпан 2024 294
"Таңшолпан" бағдарламасына қонаққа барған Бибігүл Төлегенова 2019 жылы Назарбаевтың қабылдауында болғанын әңгімеледі. Ол кезде Халық әртісі 90 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Биыл Төлегенова 95 жасқа келді.

Назарбаевтан алған құнды сыйлығын есіне алған Халық әртісі:
"Бағалы сыйлық болғаны - мынау (сағатын көрсетіп). 90 жылдығымда, 2019 Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауына бардым. Ол кезде Президент емес. Бірақ әлі Ақ үйде отырды. Әңгімелесіп, менен "Бибігүл Ахметқызы, бұйымтайыңыз бар ма?" деп сұрады. "Жоқ, бұйымтайым жоқ. Көп жыл жұмыс істестік. Президент емессіз. Сәлем берейін деп келдім" деді. Сонда ол кісі риза болды. "Маған адам өтінішпен келетін" деді. "Маған ештеңе керек жоқ. Құдайға шүкір, үйім бар, киімім бар, тамағым тоқ" дедім. Содан кейін маған сағатты сыйлады және өзінің кітабы бар екен. Эксклюзив кітап. Сол кітабын берді", - деді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар