Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полицей қамауға алынды

10:22, 09 ақпан 2024 378
Семейде ұсталған адамға қатысты азаптау қолданылды деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды.

Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында (азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлімінің қызметкері ұсталды.

«26.01.2024 жылы Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.  Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген Абай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Pixabay

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар