Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайрымдылық үшін” деп террористерді қаржыландырып отырған шығар". Заңгер Айгүл Орынбек қорларды тексеруге шақырды

13:10, 16 қараша 2024 153
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі ашылған қорларды тексеруді талап етті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
 
Заңгер қор ашқыштардың “Қайрымдылық үшін” деп террористерді қаржыландырып отыруы мүмкін екенін жеткізді:
Қаңды қаңтар оқиғасынан кейін ел алдында жүрген қор ашқыштарды тексеруді сұраған едім. “Қайрымдылық үшін” деп қорға жиналған ақшаға террористерді қаржыландырып отырған шығар. Қорлардың көбейгендігі соншалықты, халық қор ашуды кәсіп қылып алды.
 
Аңқау, аңғал халық пирамидаға кіріп алдағандары аздай енді қорларға жем болып жатыр. Жалпы халықтың өзіне дауа жоқ! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы “Қазақ халқына” қорын ашты. Егер мемлекетке жаның ашып, қайрымдылық жасағың келсе, әр бір тиыны бақылауда тұрған қорға салуды сұрады. Бірақ өкінішке қарай,  Президентіміздің тапсырмасын орындамай, саботаж жасағыштар қорларды көбейтіп жіберді. Тіпті әкімдік ішінен қор ашып алған әкімдер бар!
 
Бұлардың бәрін еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру керек! Көшеде жәшік ұстаған жасөспірімдер, мүгедек балалардың суретін ұстап алып, әркімге алақан жайып жүруге жол бермейді. Бұған тоқтау қоятын уақыт келді!
 
Перизаттың Палестинаға көмек беріп жүргенін көріп, осы қыз алаяқтығы бар жат ағымда жүретін ағалардың қолына түсіп қалған жоқпа екен деген ойда қалған едім. Бүгінгі шыққан ақпарат біздің елдегі қорларды қатаң бақылауға алып, қорларға қатысты тиісті заң шығару керек екенін айқын көрсетіп берді! Шет елден қаржыландырылатын қорларды да тексеруді сұраймын!  - деді заңгер. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?