Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сатыбалды мемлекетке 120 млн теңге активтерін қайтарды

07:02, 20 желтоқсан 2023 262
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
"Тек биылғы желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 миллион АҚШ долларына, яғни 55,4 миллиард теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілгені айтылды.
"Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 миллиард теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді".

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?