Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Сатыбалдының Қалмақиядан алған қатыны кім? Бұл әйелінде қандай мүліктері бар?

09:53, 30 қаңтар 2023 262
Жуырда «Выход к морю» телеграм-каналы қызық зерттеу жариялады. Телеграм-каналдың жазуынша, экс-президент Н.Назарбаевтың немере інісі – ҰҚК-нің бұрынғы генералы Қайрат Сатыбалдының әйелдерінің бірінің аты-жөні Марсела Александровна Нұрсұлтан екен.

  • «ТИРАННЫҢ тағылымдары»


Өткен жылы қыркүйек айының соңында, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ немере інісі Қайрат САТЫБАЛДЫҒА қатысты сот үкімі оқылардан бірер күн бұрын желіде видео пайда болды. Онда сотталушы өзінің туыстарымен және адвокаттарымен видео-байланысқа шығады. Видеода әлдебір әйел бірер секундқа көрініп қалды. Қысқа әңгімеден оның Қ.Сатыбалдының әйелдерінің бірі екені байқалады. Бірақ ол кім?

«Қазақстандық БАҚ-та оның төрт әйелінің аты-жөні айтылады. Дубайдағы пәтерлер сөз болғанда төртеудің екеуі – Әсел БАҚТИЯРҚЫЗЫ мен Саида ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ туралы жазғанбыз. Бірақ бұл келіншек Әсел де, Саида да емес. Басқа екі әйеліне де қатысы жоқ...» деп жазады телеграм-канал.

Ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, әлгі әйелдің аты-жөні – Марсела Александровна НҰРСҰЛТАН.



Олар мұны Ресейдің қауіпсіздігі әлсіз жеке мәліметтер базасынан анықтаған. Қытайдың Great Export Import платформасында қазақстандықтардың Дубайда жасаған келісімдерін зерттегенде Марсела Александровна Нұрсұлтанның аты-жөні шыға келіпті.

2021 жылы наурызда Марсела Дубайдан 50 мың долларға көлік сатып алған екен. Сатып алушы өзінің аккаунтын өшіріп тастағанымен, сатушының мәліметі сақталып қалған. Соған қарағанда, ол өзіне қатысты деректерді жойып отырған болуы мүмкін. Алайда аккаунттарының бірі желіде қалып қойыпты.

«Марселаның әкесінің атына қарап, оның Қайратқа қаны бір туыс емес екенін көруге болады. Осы тұста бізге ресейлік мәліметтер базасынан шығып кеткен деректер көмектесті. Марсела Александровна Нұрсұлтанның тегі бұған дейін МАРТИРОСЯН болған, ал түпкі тегі – АЛЕКСАНДРОВА.

Ол 1987 жылы 26 қарашада Городовиковскіде (Калмыкияның шағын қаласы) туған. Біраз уақыт Ставропольде тұрған, кейін Мәскеуге көшіп келген. Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екені жалпы сақтандыру нөмірі, салықтөлеушінің нөмірі және ресейлік паспорт деректерінен көрініп тұр. Туған жері мен тіркелген жері де бір.

2019 жылы Александрова-Мартиросян Mersedes GLA және Toyota Corolla көліктерін сатып алған, бір жылдан кейін Нұрсұлтан деген текке өткен. Тиісінше әлгі көліктер де соған ауысқан.



Марсела аса ұқыпты жүргізуші емес екен. Екі жылда оған 20 мың рубль айыппұл жазылыпты. Бірақ Марселаның ең үлкен олжасы – Мәскудегі Раменка өзенінің жағасында орналасқан пәтері. Ресей астанасының орталығы болмаса да, жаман жер емес. Мәскеу мемлекеттік университеті мен Сталиннің саяжайына жақын жер.

Марселаның 272 шаршы метрлік пәтерінің кадастрлық құны 94 млн рубль, нарықтық құны – кемі 150 млн рубль немесе 1 млрд теңге. Бұрынғы шаштараз 50 мың рубль айлықпен 2019 жылы бұған қол жеткізе алмас еді...» деп жазды телеграм-канал.

Ресейлік Марсела Нұрсұлтанның Қайрат Сатыбалдыға және видеодағы келіншекке қандай қатысы бар? Марсела әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіріп тастағанымен, мамандар оның «ВКонтакте» желісіндегі жойылған аккаунтынан фотолар шығарып алыпты.

Қ.Сатыбалды алты жылға сотталып, мемлекетке 500 млн доллардан астам қаржыны қайтарды. Алайда Марсела мен Қайрат жуық арада кездесе алмауы мүмкін. Өйткені Қ.Сатыбалдыға қатысты басқа да эпизодтар зерттеліп, жасырған активтерін іздеу жалғасып жатыр...

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар