Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық кітапхананың заңгері не жеп қойды, неге сотталды?

08:53, 01 ақпан 2023 281
Астанада Ұлттық кітапхананың заңгері сотталды. 2023 жылдың 26 қаңтарында Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты үкім шығарды.


Тергеу барысында Ұлттық академиялық кітапханада заңгер болып жұмыс істеген М. жәбірленушілерге құны нарықтан төмен баға бойынша есептен шығарылған автокөлікті сатып алуға және «Самұрық-Қазынаға» ақша берсе жұмысқа орналастыруға көмектесетінін айтқаны анықталды.
 

Ол іс-әрекеті арқылы жәбірленушіге 3,3 миллион теңге шығын келтірген.

 

Сотта прокурор айыптауды қолдады. Сотталушы М. кінәсін толық мойындады. Шығынды өтейтінін айтып, ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер соттан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және олардың талаптарын қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушының кінәсі әрекетін мойындағаны және іс бойынша басқа дәлелдер арқылы расталды.
 

М. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар