Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарғын судан зардап шеккен қостанайлықтар 180 мың теңгеден көмек алды

14:46, 10 сәуір 2024 502

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары 180 мың теңгеден көмек алғаны хабарланды.Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды. 

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов республикалық штабтың брифингінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілетін өтемақы төлемдері жайлы сөз етті. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Қостанай облысының тұрғындары өтемақы төлемдерін ала бастаған.
"Бүгінгі таңда 620 отбасына 114,4 млн теңгеге әлеуметтік көмек төленді", – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов.

Қазір облыста су тасқынынан келетін қауіп сейіліп, жағдай біршама тұрақталғаны да мәлімделді. Ақпаратқа сәйкес, бүгінде 160 – тан астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. Атап айтқанда: Қостанайда 45,Қарасу ауданы, Қарамырза ауылында 25, Қостанай ауданының Алтынсарин, Мичурин, Садовое және Алтындала ауылдарында 91 үйді су басқан.

"Судың басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Көлік қатынасы жоқ 10 елді мекен бар", - деді Арман Әбенов.

Реті келгенде айта кетейік, Екідин, Үрпек, Ақкөл, Қарасу, Сага, Бидайық, Ошаған, Құмшық және Көлкамыс ауылдары мен Жангелді ауданында, Қызылту ауылы Меңдіқара ауданында көлік қатынасы тоқтаған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар