Қаржы министрлігі Елтаңбаны ауыстыруға қанша ақша жұмсалуы мүмкін екенін әлі есептемегенін айтты.
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, алдымен Елтаңбаның дизайны өзгере ме, жоқ па, соны шешу керек.
Әлі шешім қабылданбағанын жақсы білесіз. Егер қоғам қолдаса, оны қарап, арнайы комиссия құрамыз деген болатын. Ол жерде де алдын ала жоба керек. Сіз оны қабылдап, бүгін өзгерте алмайсыз. Бұл көп жұмыс. Біз санауымыз керек. Қанша қаржы кететінін есептемедік және бұл туралы ойлаған да жоқпыз, деді министр.
Бұған дейін Президент Тоқаев Ұлттық Құрылтай отырысында Елтаңбаны өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.