Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев университетінің ректоры саяси қысымға шыдамай қызметінен кеткен

15:22, 18 наурыз 2024 357

Назарбаев университетінің экс ректоры Шигео Катсу басшылықтан саяси қысымның кесірінен кеткенін айтты.

Бұл туралы ол University World News басылымына берген сұхбатында айтты. Шигео Катсудың сөзінше, өзгерістер 2022 жылы болған қаңтар оқиғасынан кейін басталған.

Сонымен қатар, экс ректордың айтуынша, университеттің академиялық еркіндігі мен институционалдық автономиясына қауіп төніп тұр. Ол былтыр күзде саяси қысымның кесірінен жұмыстан кеткен көрінеді. Шигео Катсу әлі де университеттің қамқоршылық кеңесінің мүшесі екенін атап өтті.

Катсудың сөзінше, 2022 жылы үкімет ауысқаннан кейін экс президент Назарбаев құрған Назарбаев Университеті мен басқа да ұйымдарға қауіп төнген.

"Ол "арнайы ақша алған блогерлер" университет пен Катсуды сынай бастағанын айтады. Катсу оған шабуыл жасалды деп санайды, себебі оларға Катсудың мінсіз беделі кедергі жасаған", - делінген материалда.

Шигео Катсудың сөзінше, қазірдің өзінде университеттің басқару кеңесін қайта құрылымдауда саяси ықпал байқала бастаған. Себебі университетте екі деңгейлі басқару жүйесі – қамқоршылық кеңес және оның үстіндегі Жоғарғы Кеңес бар. Жоғары кеңесті бұрын сол кездегі президент Назарбаев басқарған және ол "жалпы стратегияларды бекіткен".

"Мен оған (Назарбаевқа) жылына екі-үш рет келіп, не істеп жатқанымыз туралы есеп беріп, дұрыс жолда келе жатырмыз ба, жоқ па деген жалпы түсінік алу үшін келетін едім, бірақ ол ешқашан ештеңеге мән беріп, араласқан емес",  - дейді Катсу.

Айта кетейік, оқу орнын 13 жыл басқарған Шигео Катсудың басшылық қызметтен кеткені туралы былтыр белгілі болған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар