Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қатын қатындығын жасайды: Имам тағы да қыздарға тиісті (ВИДЕО)

11:08, 30 мамыр 2024 1143

"Блогер қыздар қатын боп жарытпайды" деп айтқан имам Жарқын Мырзатаевқа белгілі блогер Ырысбала Икрамбай жауап берген еді. Кейін имам қоғамда резонанс тудырған өз сөзінің мәнін ашып түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол Ырысбаланың өзіне берген жауабын қатындығын жасады деп ашуланды. 

"Қатын қатындығын жасайды деген рас екен. Менің ойымды кесіп алып, орта жолдан дауға себеп етіп алмаңыздар. Айтқым келгені, жартылай жалаңаш, ер адамның алдына түсіп, тәнін әлемге көрсетіп ақылгөйсіген қыздар қатын болып жатыртпайды. Ол рас. Ал орамал тағып алып, елді сұлулығына сүйсінтуді мақсат тұтқан блогерлер де бар. Олар да мәз емес. "Әкеңнің ауызы" деп сөйлеу блогерлер үшін  жай бір әдет, қарапайым сөз болып қалды. Оның мәні тереңде, өте анайы сөз ол. апаларымыз өзінен жиырма жас кіші ер адамның алдын кеспеген, сөзін бөлмек түгілі. Олар "Ер адамның киімін басып өткен әйел оңбайды" дейтін. Қазір мұндай тәрбие жоқ",-деді имам Жарқын Мырзатаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар