Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қатты жанжалдан кейін келіні енесін пышақтап өлтірді

16:11, 13 қараша 2024 1550

Келіні енесінің мойнына пышақ сұғып өлтіріп, бесінші сынып оқитын ұлын жарақаттады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.

SHOT-тың мәліметінше, 42 жастағы Наталья алдыңғы күні Калинин ауданындағы Народная көшесіндегі пәтерде 85 жастағы енесімен бірге тұратын баласын көруге келген. Алайда әңгіме жараспай, келіні мен енесі қатты ұрысып қалған.

Ашуға берілген Наталья пышаққа жармасып, зейнеткердің мойнына сұғып жіберген. Жарақат салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болған.

Осының бәрі тоғыз жастағы баланың көз алдында болған: ол анасын сабырға шақыруға тырысып, тоқтатпақшы болған, бірақ анасы оған да пышақ сілтеп, баланың бұғанасына жарақат салған.

Ол бұғана сүйегіндегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Анасы қамауға алынды.

«Кісі өлтіруге оқталу» және «Кісі өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Наталья ресми түрде жұмыссыз, бұрын сотталмаған. Оның әрекетінің себептері анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар