Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қай елге қызмет ететінімізді ұмытпауымыз керек»: Дәулет Мұқаев орыс тілінде өткен форумды сынға алды (ВИДЕО)

18:07, 23 мамыр 2024 813

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қазақ тілін қажет етпеген форумды сынады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақ тіліне деген сұранысты арттыруды алдымен әр адам өзінен бастау керегін алға тартқан депутат 100% орыс тілінде өткен "Human Capital Days" адами капиталды дамыту жөніндегі халықаралық форумды сынап тастады.

"Қай елге қызмет ететінімізді ұмытпауымыз керек. Қазақстанда тұрсақ та барлық жиындар орыс тілінде өтеді. Сөз бермесеңіздер де мен қазақ тілінде сөйлеймін. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта естеріңізде болсын. Конституция тілімен сөйлейтін болсақ, ана тіліміз қазақ тілі. Ал қазақ тілі орыс тілімен қатар жүреді дейтін болсақ, форум да екі тілді қатар ұстануы керек еді",- деді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар