Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайын ағасы полиция, қайып әпкесі жедел жәрдем қызметкері". Атырауда күйеуінен 12 жыл қорлық көрген әйелдің мұңы

11:03, 17 мамыр 2024 538

Заңгер,«Human Rights Lawyers» ҚҚ басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты жариялады.

Хатта 12 жыл бойы күйеуінен зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұраған. 

«Сәлеметсіз бе! Менің жасым 41-де, Атырау облысынан хабарласып тұрмын. Мен өзімнің заңды жолдасымнан 12 жыл бойы зорлық көрген жанмын. Ол кісінің таныстары мықты болып тұр. Жедел жәрдемде апасы диспетчерлік қызмет атқарады, нағашы ағасы АІІБ бастығы болып қызмет атқарады. Сол себептен мен айғақ-дәлелдерімді жинай алмай отырмын. Сіздердің көмектеріңізге мұқтаж болғасын хабарласып отырмын. Өзім көпбалалы анамын, 4 қызым бар, ұл балаға жүкті кезімде ішімнен соғып баламнан айырылып калғанмын», - деп жазылған хатта

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар