Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді: Үкімет басшысы кімдер емтихан тапсырмайтынын айтты

07:34, 10 қараша 2022 194



Жуық арада құжат Парламент қарауына жіберіледі





Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан азаматтығын беру кезінде қазақ тілінен кімдер емтихан тапсырмайтынын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметте қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеу туралы заң жобасы қаралып жатыр.

«Бүгінде осы нормалар Үкіметпен келісу сатысында. Жалпы біз бұл нормаларды қолдаймыз. Ондай өзгерістерді (мемлекеттік тілді білуге қатысты – авт.) заңнамаға енгізу керек деп ойлаймыз. Бұл өзгерістер халықаралық тәжірибеде бар. Мысалы, көптеген елде азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді және сол елдің тарихын біліп, тиісті емтиханды тапсыру керек. Мысалы, Германия, Түркия, Канада, Ресей және тағы басқа елдерде осындай талап (мемлекеттік тілді білуге қатысты – авт.) бар. Бұл азаматтық алатын адамдарға сол қоғамда тез сіңіп, бейімделіп кетуге мүмкіндік болады. Сондықтан осындай емтихан тапсыру керек деп ойлаймын. Енді (Қазақстан – авт.) азаматтығын алатын адамдар осындай талаптарға (мемлекеттік тілді білу – авт.) сай болуы керек», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов кімдер қазақ тілінен емтихан тапсырмайтынын түсіндірді.

«Бірақ кейбір категорияларға бұл талап қолданылмайды: этникалық қазақтар, кәмелетке толмағандар. Халықаралық шарттарға сәйкес жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алатын адамдар да бар. Мысалы, Қазақстанда жақын туыстары тұрса немесе күйеуі немесе жұбайы қазақ болса немесе Қазақстан азаматы болса немесе Қазақстанға еңбегі сіңген азамат болса, олар тиісті шешіммен жеңілдетілген тәртіппен (Қазақстан – авт.) азаматтығын алады», - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, қылмыс жасағандар мен заң бұзғандар азаматтық берілмейді.
Аталған заң жобасы жақында Парламентке жетеді. Құжатқа енгізілетін нормаларды Үкіметпен келісіп жатырмыз, - деді Әлихан Смайылов.



Бұған дейін қала тұрғындары мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзетуге қатысты сауалнамаға қатысып, пікірін айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар