Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан артылған мұнайды Әзербайжан арқылы тасымалдайды

08:46, 25 тамыз 2022 339
[ad_1]



Қазақстан алдағы жылдары мұнай өндірісін арттырады, артылған мұнайдың бір бөлігін Әзербайжан арқылы сыртқа тасымалдайды. Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен Информбюро сайты үзінді келтіреді.


"Басты міндетіміз – экономика дамуы үшін Каспий құбыр консорциумы желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Алдағы екі жылда мұнай өндірісін жылына 85,7 млн тоннадан 103-ке дейін, тіпті 107 млн тоннаға дейін арттырамыз. Мұндай жағдайда осы артық көлемді тұрақты әрі үздіксіз тиеу мәселесін ойлануымыз керек" деді министр.


Оның айтуынша, артылған мұнайды Қытай немесе Каспий теңізі арқылы тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Екінші бағыт бойынша Қазақстан Әзербайжан және Иранмен әріптестік орнатуы ықтимал. Алайда Тегеран Батыс санкциясына ұшыраған.


"Артылған мұнайдың бір бөлігі Әзербайжан арқылы тасымалданады, бірақ мәселе ірі көлем жөнінде болып отырған жоқ" деді Ақшолақов.


Ол алдағы екі-екі жылда мұнай бағасы қазіргі деңгей төңірегінде бола береді деп санайды, бұл барлық өндірушілер үшін қолайлы дейді.


Қазақстан мұнайының басым бөлігін тасымалдайтын ресейлік Каспий құбыр консорциумы желісінде ақау жиілеген шақта жуырда Reuters құпия дереккөздерге сүйене отырып, Нұр-Сұлтан мұнайының бір бөлігін Әзербайжан арқылы тасымалдауды жоспарлап отыр деп жазған. Ізінше Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Ресейді айналып өтетін Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр деген ақпаратты жоққа шығарған.


Шілде басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауды диверсификациялауды маңызды міндет деп атаған. Осыған орай ол Транскаспий бағытына басымдық беруді тапсырған.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар