Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстан билігі бұл жағдайды жасырын ұстағысы келеді". Ресей Украинада қолданатын ракеталарды қазақ жерінде сынақтан өткізуде

21:19, 12 наурыз 2024 320

"Новая газета" бүгін елді елең еткізетін материал жариялады. Материалда Ресей Украинадағы соғыста қолданатын ракеталарды Қазақстанда сынақтан өткізіп жатқаны туралы жазылады. Нақтырақ айтқанда, материалда ресейліктер Қазақстанның батысындағы Бөкейорда даласын қару-жарақты сынау үшін қолданып жүргені айтылады,

Басылым мәліметінше,"Капустин Яр" зымыран полигоны Ресейдің Астрахань облысында орналасқан. Бірақ бұл жерде сыналатын зениттік және баллистикалық зымырандар Қазақстан жаққа ұшып,ерекше қорғалатын табиғи қорық - Бөкейорда даласына түсетін көрінеді. 

"Бұл жерде ракетанің қалдықтары әлі күнге дейін шашылып жатады. Ресейлік әскерилер аймақты қоршауға алып, ракетаның қалдықтарын жинап алуы керек. Бірақ әдетте оны да өзіміз тазалаймыз. Олардың ракетасы әлі жарылған жоқ және олар келіп, ракетаны өздері жерге көміп жатқанын көргенбіз", - дейді гид журналиске.

Гидтің сөзінше, үйлер мен ракета сыналатын жердің арасы шамамен екі шақырым. Ракета ауылды мекендерге, тіпті біреудің қорасына түсіп кеткен кездер болған көрінеді.

"Үйге ракета түскені есімде жоқ, бірақ сынақтардың залалы қандай болғанын және зардап шеккендер бар-жоғын білмейміз. Себебі өз тарапымыздан бұл нәрсені бақылауға ала алмаймыз. Қазақстан билігі бұл жағдайды жасырын ұстағысы келеді".

Гидтің сөзінше, сыналып жүрген ракеталардың жергілікті төрт түлікке де салдары тиіп жатыр. Себебі ірі-қара малдар ресейлік зымырандардан қалған арықтарда жиналған суды ішеді екен. Одан бөлек, бұл аймақта ересектер арасында қатерлі ісікке шалдығатындар көп болса, балалар арасында мүмкіндігі шектеулі болып туатындар көп. Бұл да қаруды сынаққа алудың салдарынан болуы мүмкін.

Басылым мәліметінше, былтыр сәуірде Ресей Қазақстанның Сары-Шаған полигонында құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырған.

Ядролық қаруға тыйым салуды бақылау жөніндегі бақылау ұйымы Қазақстанның қару сынақтарын жүргізуде сәйкессіздіктер барын анықтаған. Ұйым мәліметінше, мұндай зымырандық сынақтар Ядролық қаруға тыйым салуды бақылау жөніндегі бақылау ұйымның рухына сәйкес келмейді.

Қазақстан да сынақтарға қатысты айтылған мәлімдемелерге жауап беріп, сыналған құрлықаралық баллистикалық зымырандардың ешқайсысында ядролық пайдалы жүктеме болмағанын атап өтті.

"Негізі орыстар Қазақстанды қаруды сынау үшін бұған дейін де пайдаланып та жүрген. Украинада соғыс басталған кезде ғана жергілікті тұрғындар зымыран қалдықтарының салдарына мән бере бастаған. Бұған дейін болған нәрселерге мән берілмеген де", - делінген материалда.

Айта кетейік, 28 ақпанда зымыран сынақтарына қатысты Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жауап берген болатын. Қорғаныс Вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, әңгіме Ресей әскерилері 200 шақырымдық зымырандарды сынақтан өткізетін Сары-Шаған полигоны туралы болып отыр. Тестілеудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - жылына 50 сағат.

Алайда вице-министр зымыран сыналатын жерде ешқандай инфрақұрылым, жергілікті тұрғындар жоғын алға тартты. Оның сөзінше, қару сыналатын жерде 900 ресейлік әскери жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар