Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан футбол федерациясын басқарған Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

16:14, 08 қараша 2024 573

Қазақстан футбол федерациясын басқарған Әділет Барменқұлов қызметінен кетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

БАҚ хабарлауынша, бүгін федерация кеңсесінде жиын өтіп, Әділет Барменқұлов қызметтен өз еркімен кететінін хабарлаған.

Естеріңізге сала кетейік, Әділет Назарбайұлы ҚФФ президенті болып 2022 жылы ақпан айында сайланды. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның футболға миллиаржап қаржы шашуды доғару қажеттігі туралы көтерген мәселесін жариялаған болатынбыз. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?