Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Ресей тарапының су тасқыны мәселелерін бірге талқылап жатқаны айтылды

15:18, 06 сәуір 2024 426

Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық нысандардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасып жатыр. Бұл жайлы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста. Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, - делінген. 

Мәлімдемеге сенсек, Ресей Федерациясы аумағында бірқатар трансшекаралық өзендерде су тасқыны ағынының күшеюіне байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен тәулік бойы гидрологиялық деректер алмасып жатыр. 

Сондай-ақ, Орынбор және Саратов облыстарындағы су бақылау мамандарымен тұрақты түрде ақпарат алмасып жатқаны жазылды

«Ресейлік әріптестерімізбен соңғы деректерді алмасқаннан кейін елдегі су қоймаларында артатын су ағынын дәлірек жүйелеуге мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ әкімдіктер мен ТЖД-ны уақтылы хабардар ете аламыз. Ресей Федерациясының су ресурстары федералды агенттігімен тығыз ынтымақтастық орнату - табиғаттан келген қатердің алдын алуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар