Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан үкіметіне күштік құрылым өкілі келді - сарапшы

15:56, 06 ақпан 2024 263
«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев Олжас Бектеновтің Үкімет басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alash.kz.

Оның сөзіне қарағанда, Бектенов елімізде тағайындалған ең жас премьер-министр болуы мүмкін. Ал бұл оның Қазақстандағы қазіргі жағдайда көп мәселенің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.
"Қазақстан үкіметіне алғаш рет күштік құрылым өкілі басшылыққа келді. Иә, экс-премьерлер Әкежан Қажыгелдин мен Кәрім Мәсімов бір кездері арнайы қызметте істегенін білеміз. Алайда, олар бұрынырақта – КСРО заманында болған еді. Тәуелсіз Қазақстанда екеуі де мемлекеттік қызметке бизнес саласынан келді", - деді сарапшы.

Ол Олжас Бектеновтің жиырма жылдан астам уақыттан бері үздіксіз мемлекеттік қызметте еңбек етіп келе жатқанын алға тартты.
"Оның үстіне, 10 жылдан аса уақыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін органда қызмет еткенін білеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына дейін көтерілген», – дейді саясаттанушы.

Андрей Чеботаревтың сөзіне қарағанда, 2022 жылы ақпан айында Бектеновтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған қатты сенетінін көрсетеді.
"Бектенов премьер-министр болып тағайындалса, ол ұйымдастыру-бақылау мәселелеріне, мемлекеттік аппараттағы жемқорлыққа қарсы тұруға, заңсыз жолмен тапқан активтерді мемлекет бақылауына қайтаруға және жаңа «ойын ережелерін» сақтау бойынша ірі бизнес өкілдерімен өзара іс-әрекет жасауға басымдық береді. Осыған орай, экономиканы және әлеуметтік саланы басқару ісі жетекшілік етуші вице-премьерлерге жүктелетін болады. Демек, Үкіметке айбар көрсететін, ірі істерді атқаратын уақыт келді. Қазіргі ахуал соны талап етіп тұр. Тың өзгерістер жасау үшін жастық жігер қажет. Бұл жігер Бектеновтің бойынан табылады деген ойдамын. Өйткені, жоғарыда айтқан деректерімді негізге алыңыз», – деді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры.

Ол, жалпы сөзден іске көшетін уақыттың келгенін атап өтті. Бұл орайда, жаңа минкабинет аса белсенділік танытуы қажет.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар