Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есқараев министр орынтағында қалды

11:31, 06 ақпан 2024 271
Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, ішкі істер министрі қызметінде Ержан Сәденов қалды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған еді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар