Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан халқының саны бір айда 20 119 адамға артқан

17:57, 01 наурыз 2024 239

ҚР Ұлттық статистика бюросы қазақстан халқының саны туралы жаңа ақпарат жариялады.

1 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы статистика бойынша, Қазақстанда 20 053 665 адам бар. Бір айда қазақстан халқының саны 20 119 адамға өскен.

Ең көп халық Алматы қаласы (2 234 963 адам), Түркістан (2 142 058 адам) және Алматы (1 532 985 адам) облыстарында тұрады.

Қазақстандағы миллионнан аса халқы бар қалалар мен облыстарға Астана (1 437 645 адам), Шымкент қалалары (1 222 055 адам), Жамбыл (1 222 618 адам) және Қарағанды ​​(1 135 048 адам) облыстары да кіреді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 473 658 адам) қала тұрғындары. Ауылдық жерлерде 7 580 007 қазақстандық тұрады.

Еске салайық, қаңтарда статистика бойынша Қазақстанда 20 033 546 адам тұрған. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 266 739 адамға өсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар