Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда АЭС салынса, Өзбекстан ядролық отын жеткізе алады

16:01, 15 желтоқсан 2023 265
Өзбекстан өз атом электр станциясы үшін ядролық отын өндірісін жолға қоюмен қатар, оны Қазақстандағы болашақ АЭС-ке де жеткізе алады. Бұл туралы британдық New Nuclear Watch Institute (NNWI) өкілдігінің жетекшісі Бауыржан Ибраев айтты.
«Жақында Өзбекстан атом электр стансасын салу туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта АЭС салу туралы келісім жасары анық. Менің білуімше олар ядролық отын өндіруді жоспарлап отыр. Оған қоса, пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеуді қолға алуы мүмкін», – деді ол.

Оның пайымдауынша, табиғи уран бағасы қымбаттап жатқанын негізге ала отырып, ертең атом электр станцияларында пайдаланылған ядролық отын айналымға түседі.
«Қайта өңдеуді қолға алған елдер басқалардан алда болады. Бүгінде Ресей мен Францияда мұндай технологиялар бар, ал олардың қатарына Өзбекстан қосылса, бұл ел үшін үлкен мүмкіндік»,– деді Ибраев.

Оның пайымдауынша, Өзбекстанның АЭС-ке қатысты қарқыны Қазақстанды басып озуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Ибраев екі энергоблокты атом электр станциясы үшін ядролық отын өндіру – кең ауқымды өндірістен қымбатқа түседі деп тұжырымдайды.
«АЭС-ке керек отынды өзімізде өндіру біршама қымбатқа түседі. Өйткені 2 блокты станция үшін зауыт салу (ядролық отын өндіру үшін – Курсив) тиімді емес. Қазір бүкіл әлем қысымды су реакторларын салуға бағыт алған. Олар үшін үлкен нарық ашылады. Сондықтан ертең Қазақстанда немесе Қырғызстанда (АЭС – Курсив) салынса, оларға нарық ашылады», – деді ол.

Өзге елдің атом электр станцияларын ядролық отынмен қамтамасыз ету үшін Өзбекстан осы республикада атом электр станциясын салатын Росатомнан рұқсат алуы керек. Бұл ретте Ибраев Өзбекстан Орталық Азиядағы болашақ атом электр стансаларын отынмен қамтамасыз ету құқығын алуы мүмкін деп есептейді.

Бұған дейін Ибраев Қытай АЭС-ті екі есе арзанға салып бере алатынын, бірақ оның ұсынысы өтпегенін айтқан. Шығыстағы көрші АЭС-ті ел үкіметі қарастырып отырған 6 млрд доллардан екі есе арзан: 1,2 ГВт бір блокты 2,3 миллиард долларға салып беруі мүмкін еді.

Энергетика министрлігі бастапқыда бір 1,2 ГВт қондырғының құны 5 млрд доллар және екі блокты (2,4 ГВт) бүкіл станция үшін 10 млрд доллар қажет екенін мәлімдеген. Жыл соңына қарай 12-15 млрд долларға тең цифрлар айтылып жатыр.

Қазір «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысына қаржы тартудың жолын қарастырып жатыр. Оның қатарында станция құрылысын Ұлттық қор есебінен қаржыландыру бар. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?