Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өнердің "Ақ маржаны" . Әнші Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын дүркірете тойлады

09:51, 16 қараша 2024 383

Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын тойлағаны хабарланды. Әнші өзінің мерейтойын Шымкент қаласында туыстары мен әріптестерінің арасында өткізген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Ақ маржан" әнімен халықтың жүрегінен орын алған өнер иесі өз мерейтойын Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханада өткізген. Елу жылдыққа өнерде жүрген әріптестері барған.

“Кеше қазақ өзі ардақтап, еркелеткен Заттыбек ағамыз елуге келген тойын атап өтті. Үлкен сахна да, перзент те ағамызға кештеу бұйырды. Бірақ, сынаққа дес бермей, сабырмен жеңе білген соң да басындағы бағы баянды болған шығар?!

Бихан ұлы әкесіне арнап ән шырқап, ағаның өзі қызы Айзеремен ән салды!

Бір тойда үш ақбоз ат мініп, ағайын мен дос-туыстың арасында шалқып жүрді.

Қарындасы ретінде адамдығын асқақ ұстап жүрген алтын ағамыз үшін қуандық. Бірге шаттандық. Алматыда есеп беру кешін өткізеді. Алла қуат берсін!

Өмірдің бақытын біздің буын енді ғана сезініп жатырмыз ғой, қалған ғұмыр тек қуанышқа толы болсын!, – деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?