Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді

04:31, 14 шілде 2022 246
[ad_1]



Қазақстанда 13 шілдеде 1104 адамнан коронавирус анықталған. Бұл жөнінде коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.


Ең көп көрсеткіш Алматы қаласы (350) мен Нұр-Сұлтан (328) және Шымкентте (102) тіркелген. Қалған облыстардағы жағдай төмендегідей:


  • Ақмола облысында – 14

  • Ақтөбе облысында – 10

  • Алматы облысында – 88

  • Атырау облысында – 18

  • Шығыс Қазақстан облысында – 13

  • Жамбыл облысында – 40

  • Батыс Қазақстан облысында – 11

  • Қарағанды облысында – 58

  • Қостанай облысында – 15

  • Қызылорда облысында – 16

  • Маңғыстау облысында – 12

  • Павлодар облысында – 10

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 10

  • Түркістан облысында – 9 науқас тіркелген.

Пандемия басталғалы бері 1 312 294 адамға коронавирус жұққан.


Қазір 4 477 адам коронавирустан емделіп жатыр. 79-ы коронавирус пневмониясына шалдыққан. 14 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас жасанды тыныс аппаратымен демалып жатыр.


Коронавирустың тарауы бойынша "сары аймақта" Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлер мен қалалар "жасыл аймақта". Осыған дейін Алматы билігі жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу міндеттелетінін хабарлаған.


Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар