Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда туған сәбилердің қаншаға саудаланатыны белгілі болды

17:57, 22 мамыр 2024 561
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 22 мамыр күні өткен Мәжіліс отырысында сәби саудасы туралы баяндама жасап, Қазақстандағы жаңа туған нәрестелер саудасының фактілері туралы айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Марат Қожаевтың хабарлауынша, 2023 жылы Адам саудасы бойынша 19 факт тіркелді. Істің көп бөлігі аяқталған. Сәбилердің 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейінгі бағада сатылғанын айтты.
"Жаңа туған нәрестелер саудасы үшін 16-17 адам жауапкершілікке тартылды. Биыл бізде жаңа туған нәрестелерді сату бойынша үш факт тіркелді. Ондағы сомалар 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейінгі қаражатты қамтиды", - деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда "адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын қабылдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар