Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда түріктің ANKA әскери дрондары құрастырылмақ

05:37, 12 мамыр 2022 298
[ad_1]



Türk Havacılık ve Uzay Sanayii және Kazakhstan Engineering компаниялары ANKA әскери дрондарын бірігіп құрастыру туралы келісімге қол қойды. Бұл жөнінде сәрсенбі күні түрік компаниясы ақпаратына сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Түріктің мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, әскери дрондардан бөлек, тараптар дрондарды ұшыру және жөндеу мәселелері бойынша да әріптестік орнатқан.

Қазақстан ANKA маркілі дрондарды Түркиядан тыс жерде өндіретін алғашқы мемлекет болмақ.

Дрондарды бірігіп өндіру туралы келісімге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында қол қойылған.

Ақпаратқа қарағанда, ANKA дроны 350 килограмға дейін жүк көтере алады. Оған танкілерді жоятын сегіз зымыран немесе төрт авиабомба орнатуға болады. Түркия армиясы мұндай аппараттарды 2020 жылы Сириядағы әскери операция кезінде пайдаланған.

Сәрсенбі күні Қазақстан мен Түркияның әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаны да белгілі болды. Түркия қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, Түркия ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар қазақстандық әріптесі Руслан Жақсылықовпен кездесу кезінде екі мемлекет арасындағы қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайтуды, оның ішінде ортақ әскери жаттығулар өткізу мен қорғаныс өнеркәсібін жүргізу маңыздылығын атап өткен.

Ақорданың хабарлауынша, екі ел өкілдері "әскери барлау саласында әріптестік туралы" хаттамаға қол қойған.

Бұл 2019 жылы мемлекет басшысы қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар