Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда интернет алаяқтарына қарсы күрес шараларының басталғаны хабарланды

10:13, 22 мамыр 2024 428

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңда антифрод-тетігі енгізілді. Оның аясында интернет-алаяқтыққа және қаржы ұйымдарын заңға қайшы мақсаттарда пайдалануға қарсы шара қолданылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Антифрод – бұл заңсыз әрекеттерді бақылайтын және бұғаттайтын жүйелер. Көбінесе қаржылық операцияларды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Аталмыш тетік арқылы күдікті, күмәнді қаржы аударымдары бақыланып, тоқтау қойылады.

"Бұл нормативтік құжат басқару орталығы Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан байланыс желілерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін елге жабдық әкелуге тыйым салады.

Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін автоматтандыруға, соның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты жолға қоюға арналған денсаулық сақтау интеграциялық платформасының жұмысына қатысты мәселелер реттелді", - делінген ресми хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар