Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық футболшылар қандай көліктер мінеді?

14:35, 11 наурыз 2024 352

Қазақстан құрамасының ойыншылары,бапкерлері мен спорт комментаторлары қымбат көліктерге қызығады. 

1bol.kz мәліметінше, ең үлкен коллекция «Ордабасы» мен Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергенде екен. Ол Астанаға келгенде BMW X6, Шымкентте жүргенде Toyota Camry 75 көлігінде қозғалады. Сондай-ақ, танымал ойыншының гаражында қытайлық Li 9 кроссовері де бар.

Ал, Сергей Малый мен Темірлан Ерлановта BMW X7 (құны шамамен 80 млн теңге) автокөлігі бар. Абзал Бейсебеков болса Lexus 570 автокөлігін тізгіндеген.

Бауыржан Исламханның Toyota Highlander-і бар. Бағдат Қайыров болса Toyota Camry 55 автокөлігімен жүреді.

Ал, бас бапкер Магомед Адиев Қазақстанға келген жылы автобуспен қатынаған көрінеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар