Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда жер сілкінісін хабарлайтын жаңа жүйеге 475 млн теңге бөлінді

11:41, 05 наурыз 2024 366

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыда жер сілкінісін хабарлаудың жаңа жүйесі енгізілетінін айтты.

Қалада мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты төтенше жағдайларды жаппай хабардар ету жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жұмыс қолға алынған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алматы әкімі мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысының биыл 25 қаңтардағы мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласы әкімдігі пилоттық режимде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдай жөнінде жедел хабардар ету мақсатында осы жылдың мамыр айының соңына дейін 475 млн теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр

Қала әкімінің айтуынша, дәстүрлі технологияларға қарағанда Cell Broadcast SMS технологиясы желіге қосымша жүктеме жасамайтынын және базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абонент үшін жедел хабар таратуға мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар