Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға Ресейдің күні түсті

12:52, 17 қазан 2024 199

Санкцияға байланысты көрші ел Қазақстаннан ішкі әуе тасымалымен қамтамасыз етуді сұрады. Олар осылайша елімізден Ресей нарығына шығуды өтініп отыр, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ресей көлік министрлігінің мәліметінше, екі ел арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Украинамен соғыс басталғанға дейін Ресейде 850-ге жуық ұшақ болса, бір жылдан кейін олардың саны 736-ға азайған. Себебі, Ресейге санкция салынған соң, елге ұшақтар мен оларға қажетті қосалқы бөлшектер жеткізу тоқтаған.

Бұған дейін, ресейлік шенеунік Константин Затулин Украинаның басып кіруі кезінде, көмекке кімді шақырамыз, қазақтарды ма, деп менсінбеген сыңай білдірген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?