Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның Англиядағы елшісі салық төлемеген бе? СІМ өкілі жауап берді

18:18, 03 маусым 2024 664

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Лондон қаласында ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімінде не себепті Қазақстан елшілігінің енгенін түсіндірді, деп хабарлады Alash.kz сайты  Halyq Uni-не сілтеп.

Transport for London корпорациясының мәліметінше, ұлыбританиялық БАҚ-та шетелдік елшілік қызметкерлерінің Лондонның орталығына көлікпен кіргені үшін алым төлемегені туралы ақпарат жарияланған. Ондағы деректер 2003-2023 жылдар аралығындағы қаражатты қамтиды.

2003 жылдан бастап Ұлыбритания астанасының орталығына (көлікпен) кіру үшін төлем енгізілген. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ғимараты Лондонның орталығында орналасқан. Онда жүргізушілер жұмыс күндері сағат 7:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс әрі мереке күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін кіру үшін 15 фунт (8537,40 теңге, 1 теңге – 569,16 теңге) төлеуі керек. Демек елшілік қызметкерлерінің өз аумағына баруына төлем салынып отыр. Лондондағы шетелдік дипломатиялық корпустың – сол аумақтағы елшіліктердің жалпы пікірі бойынша, бұл төлем жергілікті салық ретінде саналады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ресми өкіл 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломаттардың жергілікті салықтан босатылғанын атап өтті. Сондықтан Transport for London жариялаған ақпаратқа сәйкес, ол жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлға жатпайды.

Басқа да елшіліктер оны төлейміз деп шешсе, онда біз де осы жағын қарастырамыз. Жалпы аталған конвенцияға сәйкес, дипломаттар салық төлемеуі керек. Бұл өз кезегінде айыппұл емес, салық ретінде қарастырылған. Осы ретте Қазақстан ғана емес, бірқатар елдің елшілігі сол аумақта орналасқан. Басқа да елшіліктер бұл алымның заңсыз екенін айтып отыр, - деді ол.

Бұған дейін БАҚ-та Лондон мэриясына қарасты Transport for London мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолдармен жүргені үшін ақша төлемеген қарыз елшіліктердің тізімін жариялаған болатын. Елшіліктердің жалпы қарызы – 145 млн фунт. 

Тізімнің көшбасында АҚШ (14,6 млн фунт) тұр. Одан кейін Жапония – 10 млн фунт, Үндістан – 8,5 млн фунт, Нигерия – 8,4 млн фунт, Қытай – 7,9 млн фунт, Ресей – 6 млн фунт, Қазақстан 4,7 млн фунт (шамамен 5,9 млн доллар) төлемеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар