Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылды

16:13, 10 қараша 2024 306

Жамбыл облысы, Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылды, деп  хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады:

Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?