Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның қарызы қанша?

14:13, 19 наурыз 2024 338

2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.

«2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге. ЖІӨ бойынша ол 22,8 пайызды құрайды», - деді Тәкиев сейсенбі күні үкіметтің брифингінде.

Министрдің айтуынша, қауіпсіз деп саналатын мемлекеттік қарыздың шегі жалпы ішкі өнімнің 32 пайызын құрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар