Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды

13:35, 15 наурыз 2024 321

ҚР Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады.

Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктініңжасырынуына байланысты ол халықаралық іздеу жарияланған. 

Биыл қаңтарда ол Чехияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар