Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазір орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, соғұрлым балаларымыз аз өлтіреді" деген Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Петр Врублевскийге Ресей іздеу жариялады

12:38, 04 наурыз 2024 425

Тілеп алған ауруға дауа жоқ. Ресей Украинаның Қазақстандағы экс-елшісі Петр Врублевскийге халықаралық іздеу жариялады.

Бұған дейін Ресей Федерациясы Врублевскийді террористер мен экстремистер тізіміне кіргізген.

Мәскеудің Басманный аудандық соты Врублевскийді қылмыстық істің аясында сырттай қамауға алуға рұқсат берген. ТАСС мәліметінше, дипломат федералды және халықаралық іздеуге жарияланған.

"Мәскеу соты тергеудің Украина азаматы Врублевскийді Ресей аумағына экстрадициялау сәтінен бастап немесе ұсталған кезден бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қанағаттандырды", - дейді агенттікке пікір білдірген адам.

Айта кетейік, Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Кузаировқа берген сұхбатында айтқан пікіріне қатысты қызу талқыға түсіп кеткен болатын. Врублевский "Оларды (орыстарды) көбірек өлтірмекпіз. Қазір орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, соғұрлым балаларымыз аз өлтіреді" деген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар