Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазсушар" Жайыққа келе жатқан жойқын судың бетін қалай қайтармақшы?

17:12, 15 сәуір 2024 770

"Қазсушар" мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр.

Тереңдігі - 2 метр, ені - 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда.

Яғни, Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды.

Айта кету керек, Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді.

Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар